Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы
ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 218 бұйрығымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу әдістемесі, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің № 8039 мемлекеттік тізілімінде тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 (27847) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетика департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында жариялануын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|