Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен күші жойылды
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультация беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) алдын ала жазылу журналына тіркелу - 15 минуттан аспайды; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәттен бастап, психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеруді күту - күнтізбелік 30 күн; 3) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді өткізу - 1 (бір) сағат; 4) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды болып табылады. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|