Қазақстан Республикасы Президентінің (2015.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ереже бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 24-і.
№ 587 Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы
1. Жалпы ережелер
1. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатыстырылатын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жедел басқаратын тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады. 2. Республикалық деңгейде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб жұмыс істейді. 3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде өз қызметі бойынша республикалық жедел штабқа бағынысты облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары жұмыс істейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|