Осы редакция 2017 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 15 қазандағы № 67 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015.17.09. № 929 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) реттеу, Іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын мемлекеттік басқару салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері және оның қарамағындағы ұйымдары бар. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|