ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы (2024.29.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 2) Кеңестің құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады. 2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
4. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жүйелік тәуекелдердің алдын алуға және (немесе) азайтуға жәрдемдесу Кеңестің негізгі міндеті болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|