ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2024 жылғы 3 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 1 маусым
№ 57
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында: мына: «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі», «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі», «Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі», «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі», «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі». 2. «Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 530 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 56, 620-құжат): жоғарыда аталған Жарлықтың атауында және 2-тармағында «Астана қаласының», «Астана қаласында» деген сөздер тиісінше «Нұр-Сұлтан қаласының», «Нұр-Сұлтан қаласында» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|