|
Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Өскемен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 14/3-VIII «Өскемен қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 191729 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2024-2026 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 113 837 660,9 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 65 753 257,6 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 012 774,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 243 831,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 38 827 798,3 мың теңге; 2) шығындар - 110 560 845,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 660 721,5 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 660 721,5 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 616 093,9 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -2 616 093,9 мың теңге; қарыздар түсімі - 3 501 270,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 7 970 217,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 852 853,1 мың теңге.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Өскемен қаласының 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 888 536,2 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|