|
2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Осы редакция 2024 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабындағы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 4 515 683,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 1 695 011,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 45 538,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 176 228,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 2 598 906,0 мың теңге; 2) шығындар - 4 259 211,0 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 871,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 36 920,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 049,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге; қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 238 601,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -238 601,0 мың теңге. 2. 2024 жылда 295 640,0 мың теңге сомасында аудандық бюджетке облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі ескерілсін. 3. 2024 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттер 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін. Нысаналы трансферттер және бюджеттік кредиттердің көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен анықталады. 4. 2024 жылға арналған аудандық бюджет кірістерінің құрамында облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер 5-қосымшаға сәйкес ескерілсін. Нысаналы трансферттер көрсетiлген сомаларын бөлу аудан әкiмдiгiнің қаулысымен анықталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|