«Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы бекітілсін.»; жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|