|
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Министрліктің Мемлекеттік қазынашылық комитеті;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нышандары мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қазынашылық органдарында шоттары болады.»; 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «19) бюджеттік кредит беру, оған қызмет көрсету және оны өтеу, оның нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылау;»; 29-1) тармақша алып тасталсын; 33) тармақша алып тасталсын; 34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «34) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алудың және борыштың, экспортты қолдау жөніндегі мемлекет міндеттемелерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелердің, мемлекет кепілгерлігінің тоқсан сайынғы мониторингін жүзеге асыру; 35) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды келісу;»; 41), 42) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «41) есепке алу саясатын белгілеу; 42) шоттар жоспарын белгілеу; 1-тармақтың он тоғызыншы абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|