Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2022 жылғы 3 мамырдағы № 134 бұйрықпен бекітілген
Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық медиаторды сайлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында қоғамдық медиаторды сайлау тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|