|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 122-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 1) 106-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы «алты» деген сөздің алдынан, үшінші бөлігінің екінші абзацы «сегіз» деген сөздің алдынан, 170-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы «жеті» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 196-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «бір жүз алпыс айлық» деген сөздердің алдынан, екінші бөлігінің екінші абзацы «екі жүз айлық» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 218-бапта: бірінші бөлікте: бірінші абзацтағы «табыстар болып табылатын», «табыстар болып табылатыны» деген сөздер тиісінше «кірістер, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүліктен түсетін кез келген кірістер болып табылатын», «кірістер болып табылатыны» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мүлкі тәркіленіп, ал 1) тармақта көзделген жағдайларда - белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 4) 229-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы, 230-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «белгілі бір лауазымдарды» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 260-баптың екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 6) 261-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан, екінші бөліктің екінші абзацы «жеті» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацы «он жылдан» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 269-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 8) 270-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «екі» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 287-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы «екі» деген сөздің алдынан, екінші бөліктің екінші абзацы «екі мың» деген сөздердің алдынан, үшінші бөліктің екінші абзацы «бес мың» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөліктің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан, бесінші бөліктің екінші абзацы «бес» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 10) 298-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан, 299-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы, екінші бөлігінің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан, 301-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «бес» деген сөздің алдынан, екінші бөлігінің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан, үшінші бөлігінің екінші абзацы «жеті» деген сөздің алдынан, төртінші бөлігінің екінші абзацы «он жылдан» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 394-бапта: бірінші бөліктің екінші абзацы «екі мың» деген сөздердің алдынан, екінші бөліктің екінші абзацы «белгілі бір лауазымдарды» деген сөздердің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөліктің екінші абзацы «үш» деген сөздің алдынан «мүлкі тәркіленіп немесе онсыз,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне: 1) 568-баптың бірінші бөлігіндегі «шараларды қолдануға құқылы» деген сөздер «шаралар қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 569-баптың екінші бөлігінде: 1) тармақ «өзге де» деген сөздерден кейін «елеулі» деген сөзбен толықтырылсын; 3) тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3) тергеу судьясының (сотының) санкциясы қажет етілетін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын іс-әрекетке қатысты болса;». 3-тармақ 2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 119-баптың екінші бөлігі алып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 8-баптың 24-2) тармақшасындағы «, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың» деген сөздер алып тасталсын. 5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 20-баптың 13-тармағында: бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «13. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органының басшысы мен мүшелері осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басқару органының басшысы мен мүшелері, атқарушы органның басшысы мен мүшелері лауазымдарға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Басқару органының басшысы мен мүшесі, атқарушы органның басшысы мен мүшесі осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оларды қызметтен шеттетеді. Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының басшысына (мүшесіне), атқарушы органының басшысына (мүшесіне) осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолданған жағдайда, осы ұйым аталған адаммен еңбек шартын бұзуға не оның өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Ұлттық пошта операторына қатысты осы тармақтың талаптары лауазымдық міндеттеріне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге байланысты мәселелерге жетекшілік ету кіретін атқарушы орган мүшелеріне қолданылады.». 6. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын: «3-2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде Республикалық нотариаттық палатаға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»; 2) 29-баптың 2-тармағында: 5) тармақшадағы «және нотариат мәселелері жөнінде әдістемелік материалдар әзірлейді» деген сөздер «, нотариат мәселелері бойынша, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, аумақтық нотариаттық палата ұсынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын талдайды, жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»; 3) 33-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы «практиканы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап» деген сөздермен толықтырылсын. 7. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1-баптың 18) тармақшасында: бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру;»; жетінші абзац «, сондай-ақ терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын: «жалдамалылық; жалдамалыларды даярлайтын базалар (лагерьлер) құру; халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау; Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық; диверсия; террористік әрекетке қатысу үшін террористік даярлықтан өту, оның ішінде үйрету орнына бару; адамды кепілге алу; ғимараттарға, құрылысжайларға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу; әуе немесе су кемесін не жылжымалы теміржол құрамын айдап әкету, сол сияқты басып алу.». 8. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) бенефициарлық меншік иесі - бұл: заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі; заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын; оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;»; 2) 12-баптың 16-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «немесе қатысушысы» деген сөздер «, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 2) тармақшадағы «жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздер «, жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшаның екінші абзацы «заңды тұлғаның» деген сөздерден кейін «немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның» деген сөздермен толықтырылсын; 3-1) және 3-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3-1) делдал-банк - ақша жөнелтуші банктен алынған төлемді және (немесе) ақша аударуды қаржы ұйымының пайдасына жүзеге асыратын банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 3-2) жария лауазымды адам: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам; лауазымды адам; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам; шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам; шет мемлекет үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын адам; халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам;»; мынадай мазмұндағы 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын: «3-3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым; 3-4) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман - заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шарты негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;»; 4) тармақшадағы «жеке немесе заңды тұлға» деген сөздер «жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) қаржы тобы - қаржы мониторингі субъектілері болып табылатын және өз арасында осы Заңға сәйкес өзара іс-қимыл жасайтын заңды тұлғалар тобы;»; 9) тармақшадағы «немесе заңды тұлғалар» деген сөздер «, заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11-2) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;»; мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын: «11-3) нысаналы қаржылық санкциялар - осы Заңға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмнің және терроризмді қаржыландырудың алдын алуға және оны болғызбауға, жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға жататын қарарларына сәйкес қаржы мониторингі субъектілері мен мемлекеттік органдар қабылдайтын, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар;»; 2) 3-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «орталығын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 4-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «жеке немесе заңды тұлға» деген сөздер «жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 5-бапта: 2-тармақтың 2) тармақшасындағы «қаржы мониторингіне жататын» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақта: 2) тармақшадағы «не резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмірді, сондай-ақ» деген сөздер «, қызметінің сипатын, сондай-ақ тіркелген немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2-1) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде), орналасқан жерінің мекенжайын, негізгі қызмет жүргізілетін орнын, қызметінің сипатын, ал трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар, заңды тұлға құрмайтын өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым құрылтайшыларының (қатысушыларының) және бенефициарлық меншік иелерінің (болған кезде) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайын тіркеу;»; мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу; Клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингі субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттары және акцияларын ұстаушылар тізілімі не басқа да көздерден алынған мәліметтер негізінде оның меншік пен басқару құрылымын белгілейді. Клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент - заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент - заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі. Осы тармақшада көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі. Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) беретін не өзге де көздерден алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, қор биржалары, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркемеуге құқылы;»; 6) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын: «Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осы тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.»; 3-1-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацындағы «аспаса;» деген сөз «аспаса, қолданылмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын; 6-тармақта: бірінші абзацтағы «2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қаржы мониторингі субъектісі осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және осындай қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөнінде, осы баптың талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайтынын белгілеуге тиіс.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобының басқа қатысушылары қолданған, осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға мынадай шарттар сақталған кезде сүйене алады: 1) осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар; 2) қаржы тобының қатысушылары тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын сақтайды; 3) қаржы тобының жауапты ұйымы ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен тиісті қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асырады және қаржы тобы қатысушыларының оларды сақтауын қамтамасыз етеді; 4) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушысы болып табылатын қаржы мониторингі субъектісі клиентінің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы ақпаратты және құжаттарды осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімінің болуы.»; 7-тармақта: үшінші бөлік «негіз болған кезде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі жағдайларында» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын: «Клиенттерді (оның өкілдерін), бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің жоғары деңгейі кезінде қолданылады. Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелінің төмен деңгейі кезінде қолданылады.»; 8-тармақта: бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын; төртінші бөліктегі «2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын: «Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына осы баптың 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қаржы мониторингі субъектісі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін ескеруге міндетті.»; 9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды» деген сөздер алып тасталсын; 10-тармақта: екінші бөліктегі «6» деген цифр «6, 6-1» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қаржы мониторингі субъектілері басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, осы баптың 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасауға құқылы емес.»; 5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеруі Осы Заңның 5-бабының 3-1 және 3-2-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы мониторингі субъектілері іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолданады.»; 6) 7-бапта: 1-тармақтағы «2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші абзац «ұйымдар» деген сөзден кейін «, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары» деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |