|
«Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 1 ақпандағы № 40 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 16 бабының 1 және 3 тармақтарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін. 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 171 «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2717-нөмірімен тіркелген, 4 тамыздың 2014 жылғы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Б.Жылқышиев Е.Айтаханов С.Қаныбеков Е.Садыр С.Тұяқбаев А.Абдуллаев Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|