Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/472-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 44/472-VI «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5296 тіркелген, 2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Түркістан облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 702 486 597 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 24 129 765 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 4 278 091 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 323 мың теңге; трансферттер түсiмi - 674 073 418 мың теңге; 2) шығындар - 727 795 282 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 71 989 409 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 74 877 883 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 888 474 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 405 075 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 405 075 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 97 703 169 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 97 703 169 мың теңге.»; «2 370 000» деген сандар «1 357 528» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|