«Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12700 болып тіркелген, 2016 жылдың 15 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерту енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңмен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге және ресми жариялауға «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электронды және қағаз түрінде оның көшірмесін осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жолдауды; 3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|