| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Жамбыл облысы аумағында «Ashyq» жобасын енгізу туралы Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 тамыздағы № 12 Қаулысы
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 13 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде Жамбыл облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне: 1.1. Жамбыл облысы және Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулыларының талаптарын орындау; 1.2. 0йын-сауық, спорттық іс-шараларды (жабық нысандарда), форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу; 1.3. 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау; 1.4. Жамбыл облысы аумағында жағдай тұрақталғанға дейін халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шаруашылық пен (немесе) басқа да қызметтің жүргізілуіне шектеу іс-шараларын жүргізу. Осы қаулының 1, 2-қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу қабылдансын; 1.5. ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап мыналардың жұмысына: - демалыс күндері - осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына - сағат 02.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды; 1.6. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «Ashyq» қосымшасы бойынша «сары / қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары / қызыл» мәртебенің скриншоты) ұсына отырып, факт туралы ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен хабарлайды: - Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы, тел:сот. +77760040401 (ватсап), жұмыс: 8(7262)45-78-08, эл.пошта: b.kydyrbaev@dsm.gov.kz; - Тараз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбділдә Ғабит Әлімұлы, тел: сот. +77029790939 (ватсап), жұмыс: 8 (7262)34-28-30, эл.пошта: g.abdilda@dsm.gov.kz. 1.7. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына күнделікті мониторинг жүргізу және әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың объектілерге тұрақты тексерулер жүргізуі; 1.8. Қызметі рұқсат етілген объектілерде шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылау. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану; 1.9. Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саябақтар мен скверлердің (орындықтар мен сәкілер) және басқаларға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу; 1.10. Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде көпшілік орындарында және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, коғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ателье және басқалар) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету); 1.11. COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 1.12. ҚР БМСДҚ-ның 1-қосымшасының алгоритміне сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу; 1.13. ҚР БМСДҚ-ның 2-қосымшасының алгоритміне сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары / қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау; 1.14. ҚР БМСДҚ-ның 3-қосымшасының алгоритміне сәйкес жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару; 1.15. ҚР БМСДҚ-ның 5-қосымшасына сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін; 1.16. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары; 1.17. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне: 2.1. 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарына сәйкес Қордай аудандағы «Қарасу», «Аухатты», «Сортөбе», «Қордай», Жамбыл аудандағы «Айша бибі», Меркі аудандағы «Сыпатай батыр» пункттері арқылы кесіп өтуді қамтамасыз ету.
3. Қордай, Жамбыл және Меркі аудандарының әкімдеріне: 3.1. ПТР зерттеудің теріс нәтижесі туралы анықтамасыз және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жолдамасы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатсыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды карантиндік стационарға тәулік бойы тасымалдауды қамтамасыз ету.
4. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері: 4.1. Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету; 4.2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 4.3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
5. Келесі қаулылардың күші жойылды деп саналсын: 1) 2021 жылғы 30 шілдедегі № 9 «Жамбыл облысында шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы» қаулысы; 2) 2021 жылғы 20 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 11 қаулысы. 6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 7. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 тамыздағы № 12 қаулысына 1-қосымша
«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); «-» - қызметіне тыйым салынған; * - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған. ** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 тамыздағы № 12 қаулысына 2-қосымша
«Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу шарттары
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); «-» - қызметіне тыйым салынған.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |