Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтары нысандарын бекіту туралы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 719 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 799 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңының 11-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндiру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін өндіру саласындағы мұнай өнімдерін өндірушілерге қатысты тексеру парақтары нысандары бекітілсін. 2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|