ҚР Бас Прокурорының 2019.24.05. № 44 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 7 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде архив анықтамаларын және/немесе архив құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық басқармалары шегінде архив анықтамаларын және/немесе архив құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және оның аумақтық басқармаларымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы; 2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал, ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|