|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 510-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 23 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) регламенті бекітілсін. 2. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрлік аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 510-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің, Үкіметтің актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Министрлік туралы ереже) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|