Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 1-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары»
1. Осы «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы өтініш жолдайды. Өтінішке келесі құжат қоса беріледі: су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы. Өтініш беру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) талап етіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|