ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 3-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (2019.19.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Концессиялар туралы» Заңның 9-бабының 7-8) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. Осы Қағидалар концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы; 2) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.
2-тарау. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі
3. Республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ақпарат жинау және талдау жүйесін білдіреді. 4. Концессия шарттарының мониторингін: республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган; коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|