ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 80 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 3-қосымша
Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары (2022.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 7-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және бағалау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) бағдарламалық қамтамасыз ету-бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы; 2) мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі.
2-тарау. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі
3. Республикалық және коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде ақпарат жинау және талдау жүйесін білдіреді. 4. Концессия шарттарының мониторингін: республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган; коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|