Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016.29.01. № 68 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2017.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017.04.07. № 190 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) Мемлекеттік корпорация; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 10 минут; 2) жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|