ҚР Энергетика министрінің 2019.18.02. № 55 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына 9-қосымша
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығымен күші жойылды
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2019.18.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларына, сондай-ақ энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін сараптамалық ұйымдардың сарапшыларына көрсетедi. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|