Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығы (2020.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің 2017.28.12. № 481 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2017.28.12. № 481 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-3) және 10) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|