«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12764 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа косымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|