Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2020-2023 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу үшін сараптамалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 292 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 24 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы барлық мүдделі тараптардың жұмысын үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2020-2023 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу үшін сараптамалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 292 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) осы бұйрықты сараптамалық кеңес мүшелеріне назарына жеткізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 24 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 292 бұйрығына қосымша
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен іске асырылатын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының 2022-2025 жылдарға арналған білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу бойынша сараптамалық кеңестердің Құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|