|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы (2019.21.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органның жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшы өкілеттіктерінің 1-тармағының 22) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі – Операциялық жоспар) бекітілсін. 2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары: 1) Операциялық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы туралы есептік ақпаратты Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаментіне ұсынсын. 3. Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Операциялық жоспардың орындалуы бойынша есептік ақпаратты Жауапты хатшыға ұсынсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
ҚР Әділет министрлігі Жауапты хатшысының 2019.19.07. № 405 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.21.10. № 512 бұйрығымен (бұр.ред.қара) операциялық жоспары өзгертілді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылға арналған
1-бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|