Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекіту туралы (2023.26.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.10.03. № 90 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|