Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жобалық басқару туралы
Осы редакция 2021 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалау қызметін жүзеге асыру қағидаларының 66-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жобалық офисі; 2) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бағдарламасының басқарушы комитеті құрылсын. 2. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы; 2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жобалық басқарудың ұйымдық құрылымы шеңберінде жобалық рөлдерді бекіту; 3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бағдарламасы жобаларының тізбесі бекітілсін. 3. Базалық бағыттардың жетекшілері тиісті базалық бағыттар мен жобалардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етсін. 4. «Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту жөніндегі жобалау офисін құру «Басым салаларда салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 521 бұйрығының күші жойылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|