2023-2025 жылдарға арналған іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін бекіту туралы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 374 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5-4) тармақшасына, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысының 109-тармағына, сондай-ақ «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» басым бағыттары бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 1, 2023 жылғы 24 ақпандағы № 1 шешімдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның 2023 жылғы 18 мамырдағы № 1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған 2023-2025 жылдарға арналған іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) іргелі ғылыми зерттеуді іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған тізбеге енгізілген ғылыми ұйымдармен шарттар жасасуды; 2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік етегін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|