Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығы (2020.23.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VI Заңының 37-бабы, 6) - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурстарында орналасуын; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңшығарушылық қызметіне жауапты құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|