2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру туралы (2019.25.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Түркістан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы облыстық бюджет есебінен орналастырылсын. 2. «Түркістан облысының бiлiм басқармасы», «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы», «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» мемлекеттiк мекемелері заңнамада белгiленген тәртiппен 2019-2020 оқу жылына техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсiн. 3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді; 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан облысының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|