|
Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 979 Қаулысымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 772-бабының 4-тармағына және 773-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары бекітілсін. 2. «Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 68 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 39-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 183 қаулысымен бекітілген
Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар): 1) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі; 2) роялти; 3) экспортқа рента салығы; 4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша коммерциялық өндіру басталған күннен бастап өндірілген пайдалы қазбалардың көлемдерін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ сату тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар: 1) агент - мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды сатуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға; 2) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар (бұдан әрі - пайдалы қазбалар) - жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін мұнай, күкірт; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|