|
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені айқындау туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 179-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 671-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Ж.Д. Іңкәрбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|