Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасын бекіту туралы (2022.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидасы бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша бұйрықтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Сот актілерін орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ереже (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабының 11) тармағына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды. Тағылымдамадан өтудің мақсаты - жеке сот орындаушысы қызметінің кәсіби, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгеру болып табылады.
2-тарау. Тағылымдамадан өтуге жіберу тәртібі, тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|