Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталығы (Павлодар қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде: «1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 14, 16, 17, 18, 22, 24 және 25-жолдар алып тасталсын; «2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 96-жолмен толықтырылсын: «96. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы»; 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 1-бөлімде: мына: «
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|