Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы (2024.06.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.08.08. № 400 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.11.02. № 58 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері; 3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес пәндер циклы және дайындық бөлімдерінде оқыту бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметтері туралы ереже бекітілсін. 3. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|