Скрининг ұйымдастыру ережесін бекіту туралы (2017.31.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ босанғанға дейінгі диагностиканы және балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын алдын алуды жетілдіру, Қазақстан Республикасында балалардың сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған скрининг ұйымдастыру ережесі бекітілсін. 2. Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш.Нұрғазиев) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша): 1) осы бұйрыққа сәйкес скрининг ұйымдастыруды қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК-на жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге генетикалық скрининг жүргізу туралы ақпаратты ұсынсын. 5. «Қазақстан Республикасында медициналық-генетикалық консультациялардың (бөлімшелердің) қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2008 жылғы 7 наурыздағы № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178 тіркелген, 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 62 (288) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|