Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырға енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 1-қосымша
Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау бойынша нұсқаулық
1. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалауды нақтылай түседі. 2. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау бағалаушымен (сыныптаушы) жүргізіледі.
2. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалауды ұйымдастыру
3. Ірі қара малды (бұдан әрі -ІҚМ) жыл ішінде бағалайды: 1) бұқаларды жылына бір рет; 2) сиырларды сауым маусымы аяқталғаннан кейін; 3) торпақтар мен асыл тұқымды бұқашықтарды 6 айлық жас шамасынан бастап. 4. Сұрыптаудың нәтижелері бойынша 1 қазан сәтіне есеп әзірленеді. 5. ІҚМ бағалау кезінде малдың кешенді белгілері бағаланады (тұқымдығы, өнімділік сапасы, экстерлік-сыртқы пішін айырмашылықтары). 6. Жануарлардың тұқымдық деңгейін есеп құжаттарына сүйене отырып жануарларды міндетті түрде қарап шығумен және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен берілген тұқымдылық үлесінің түр әлпетінде айқындығын белгілеу арқылы анықталады. 7. Тұқымдығы бойынша таза тұқымды және будандарға бөлінеді. 8. Таза тұқымдылықтарға жатқызады: 1) әке-шешесі бір тұқымнан шыққан жануарларды, олардың таза тұқымдылығына тиісті құжаттар арқылы дәлелденген жағдайда; 2) төртінші (15/16 қанды) буынынан бастап сіңіру будандастыру арқылы алынған, егер оларға тегі бары жөнінде құжаттар бар болса және осы жануарлардың түр әлпеті жақсартушы тұқыммен жақсы үйлесілімділігі айқын болса; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|