|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) регламенті бекітілсін. 2. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 503-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің, Үкіметтің актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Министрлік туралы ереже) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді. Құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, осы Регламентте белгіленген мерзімдер мемлекеттік органның барлық жұмыскеріне қолданылады. 2. Ведомстволық бағынысты ұйымдар осы Регламентті, тікелей оларға қатысты тармақтарды басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|