Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 70 бұйрығы
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 17 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп» (коды 211206232, индексі 1-ФК, кезеңділігі жартыжылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы есеп» (коды 211206232, индексі 1-ФК, кезеңділігі жартыжылдық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін; 2. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 қазандағы № 35 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9976 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын; 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|