Қарағанды облысы әкімдігінің «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 47/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына, «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18559 тіркелген), сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/04 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 қазанында, «Индустриальная Караганда» 2015 жылдың 31 қазанында № 153-154 (21904-21905) және «Орталық Қазақстан» газеттерінде 2015 жылдың 31 қазанында № 177-178 (22 062) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген, «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|