Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті одан Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті осы қаулыға қосымшаға сәйкес аумақтық органдарға - республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті; Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті.»; Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын: «Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі 1. Министрлік: 1) «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|