Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|