Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы (2018.30.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген төтенше жағдай кезеңінде есептіліктің жекелеген түрлерін ұсыну мерзімдерін ұзарту туралы, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 42 Қаулысын қараңыз
«Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есептің нысаны (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша); 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес иеленген берешектің құрылымы туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есептің нысаны; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін. 2. Коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей электрондық форматтағы есептілікті ұсынады. 3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|