|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 17/1 «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қарағанды облысының әкімдігінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 74/02 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 17/01 «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6249 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылға арналған бюджеттік субсидиялар көлемдері бекітілсін.»; келесі мазмұндағы 1-1,1-2-тармақтарымен толықтырылсын: «1-1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға арналған субсидия нормативтері бекітілсін. 1-2. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидия алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидия алауға өтінім беру мерзімі бекітілсін»; көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: көрсетілген қаулы осы қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 2 және 3-қосымшаларымен толықтырылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|