Осы редакция 2018 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына 2-қосымша
«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»
1. Жалпы ережелер
1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 60 минут; мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін; 2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жеке, топтамалардағы және топтағы сабақтар және кеңестер. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|