|
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы «2025 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы» № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы «2025 жылға тыңайтқыштарға арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемін бекіту туралы» № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6236-05 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 25 қарашадағы № 352 қаулысына қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы «28» мамырдағы № 141 қаулысына 1 - қосымша
2025 жылға арналған тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізімі мен нормалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|