|
|
|
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 Қаулысы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар: 1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды; 2) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды; 3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі. 4) адамдар көп жиналатын объектілерде және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салалары (сұлулық салондары, ателье және басқалары) объектілерінде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету) сақтауды; 5) осы қаулыға 20-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 6) осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 7) осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес Уақытша қағидаларға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметін; 8) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді; 9) көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тамақ өнімдерін өлшеп-оралған түрде өткізуді; 10) сауда, қоғамдық тамақтану объектілерінде халыққа ауысымында және бүтіндігі бұзылған кезде кемінде екі рет ауыстыруға жататын бір рет қолданылатын қолғаптармен (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын басқа да адамдар) қызмет көрсетуді; 11) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша халықты үнемі ақпараттандыруды, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдауды; 12) осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 13) осы қаулыға 25-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындардағы және өндірістік объектілердегі, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілердегі санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды; 14) осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 15) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбек ұжымдарында (кеңселерде) эпидемияға қарсы режим алгоритмін сақтауды; 16) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметі) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін азайту жөніндегі алгоритмді сақтауды; 17) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі ұсынымдарды сақтауды; 18) осы қаулыға 28-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік және индустриялық кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының (құрылыс салушылардың) жұмыс алгоритмін сақтауды; 19) осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес стоматологиялық клиникаларға арналған күшейтілген инфекциялық бақылау кезеңінде COVID-19-дың профилактикасы шаралары бойынша қызмет алгоритмін сақтауды; 20) осы қаулыға 30-қосымшаға сәйкес COVID-19 диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдарды сақтауды; 21) жинау пункттерінде жедел әскерге шақырылатн адамдарды және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерді ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді; 22) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды; 23) қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде (қолды өңдеу үшін санитайзерлерді орнату, күніне екі реттен сиретпей беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау, желдету) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді; 24) әрбір рейстің алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, теміржол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, базарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банк терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді; 25) әкімдіктер жанындағы мобилді топтардың жұмыс режимінің эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына мониторинг және объектілерге іріктеп тексеру жүргізуін; 26) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 27) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмінің сақталуын қамтамасыз етсін; 28) осы қаулыға 31-қосымшаға сәйкес экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптардың сақталуын; 29) осы қаулыға 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтардың қызметіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін. 2. Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі: 1) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге келушілерді 14 тәулікке оқшаулауды, олардың шақырылған өңірлер бойынша бөлектеуді; 2) әскерге келушілерді орналастыру үшін орындар дайындауды; 3) әскерге келушілердің кесте бойынша бос уақытты өткізу үй-жайларында (монша-кір жуу қызметін көрсететін және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда) болуын ұйымдастыруды және басқа жеке құраммен байланысты болдырмай, тамақтануды ұйымдастыруды; 4) осы қаулыға 27-қосымшаға сәйкес жеке құрам арасында COVID-19-дың таралу тәуекелін төмендету бойынша алгоритмді сақтауды; 5) жеке құрам арасында COVID-19 ауруы жағдайлары анықталған жағдайда және ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, байланыста болғандарға, симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарға (бұдан әрі - симптомсыз вирус тасымалдаушы) медициналық бақылауды және оларды оқшаулауды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі: 1) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді; 2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды; 3) оқиға орнына шығу кезінде жедел-тергеу тобының жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы шараларды сақтауды, одан әрі өзін-өзі оқшаулаусыз олардың денсаулығының жай-күйін бақылауды; 4) мәйіттерді сот-медициналық сараптамаға тасымалдау кезінде санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді және қызметкерлердің жеке қорғаныш құралдарын пайдалануын; 5) медициналық қызметтің короновирустық инфекция кезінде жедел-тергеу топтарының мүшелерімен және мәйіттерді тасымалдауға қатысатын қызметкерлермен жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша нұсқама жүргізуін; 6) сотталғандар арасында CОVID-19 ауру жағдайлары анықталған кезде ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді, COVID-19-ға зертханалық тексеруді, науқастарды емдеуді, байланыста болғандарды, симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды медициналық бақылауды және оларды оқшаулауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын. 5. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары COVID-19 ошақтарында, оның ішінде «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» U07.2 коды ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізсін. 6. «Қазпочта» акционерлік қоғамы әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бөлімшелердің жұмысын, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптар мен медициналық немесе мата маскада қызмет көрсетуін, почта хат-хабарларымен (хаттар, сәлемдемелер және т.б.) жанасумен байланысты жұмысты жеке қорғаныш құралдарымен (халат, медициналық немесе мата маска, қолғаптар) жүргізуін қамтамасыз етсін. 7. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері: 1) COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын симптомдары бар науқастарға арналған провизорлық стационарлардың/бөлімшелердің жұмыс істеуін; 2) COVID-19-ды жұқтырудың жоғары тәуекелі болған адамдардың карантинін және COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды тасымалдауды; 3) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызу үшін көп бейінді стационарлардың жұмыс істеуін; 4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды; 5) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруды; 6) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, реанимациялық жабдықтардың және шығыс материалдарының қажетті санын сатып алуды; 7) COVID-19-ға үлгілерді алуға және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелердің, диагностикумдардың, шығыс материалдарының, дезинфекциялық препараттардың азаймайтын қорын; 8) теміржол және автовокзалдарға кіретін жерде температураны қашықтықтан өлшеуге арналған құралдармен; 9) осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін. 8. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19-бен ауыратын науқастарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда жеке төсектер бөлуді; 2) эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар науқастарды оқшаулау үшін жеке инфекциялық төсектер (стационарлар) бөлуді; 3) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оны оқшаулау үшін көрсетілетін медициналық көмектің ерекшелігін ескере отырып, үй-жайлар бөлуді; 4) пациенттердің күнделікті ағымын (басқа да нозологиялық аурулар бойынша) COVID-19 ауруына күдікті пациенттермен қиылысуын болдырмай бөлуді; 5) босанатын әйелдер босандыру ұйымына, сондай-ақ көп бейінді стационарларға өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер түскен кезде медициналық көмекті жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып, эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, оқшауланған үй-жайда COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпестен көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған кезде медициналық көмек көрсетуге тартылған персонал COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Оң нәтиже болған жағдайда жұмыстан шеттетіледі және емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда өзінің лауазымдық міндеттерін орындауды жалғастырады және 14 күн бойы медициналық бақылауға жатады; 6) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға зертханалық тексеруді; 7) осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдікті науқастардан материалды қауіпсіз алуды ұйымдастыруды; 8) инфекциялық және басқа да медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтауды; 9) провизорлық және инфекциялық стационарларда әртүрлі рейстерден, үй ошақтарынан келген байланыста болған, жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдар ағымының қиылысуын болдырмауды; 10) қажет болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын (еңбекке жарамсыздық парағы) үйде карантиндегі адамдар үшін медициналық ұйымдарға бармай ресімдеуді; 11) денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19-бен ауыратын пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігін; 12) барлық медициналық ұйымдардың осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес таза және лас аймақтарға бөле отырып, инфекциялық стационар қағидаты бойынша жұмыс істеуін; 13) стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді сақтауды; 14) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігін; 15) мәйіттерді ашу кезінде патологоанатомиялық қызмет, сот-медициналық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда (аутопсия) эпидемияға қарсы шараларды сақтауды - өзін-өзі оқшаулаусыз жұмысқа шығу кезінде дене температурасын өлшеуді қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулық жағдайын одан әрі бақылай отырып, жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды; 16) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында пациенттердің барлық ағымының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отырып, шлюздер ұйымдастыруды; 17) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ға жедел тестілеу жүргізу үшін үй-жайлар бөлуді және жарақтандыруды қамтамасыз етуді; 18) жедел медициналық жәрдем бригадасын COVID-19-ға жедел тестілеуге арналған жарақтармен қамтамасыз етуді; 19) көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімінде пациенттердің күнделікті ағымын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлуді; 20) жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлерін СОVID бойынша чек - парақ бойынша, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік қағидалары бойынша, стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) орындау, СОVID - 19 - ға күдікті науқасты тексеру чек-парағын пайдалану бойынша қашықтықтан триажға үздіксіз оқытуды; 21) іс-қимылы COVID-19 күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейіндегі ЖҚҚ-ны пайдалануын бақылауды; 22) денсаулық сақтау ұйымдары үшін COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностикасы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыруды және өткізуді; 23) COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының барлық қызметкерлерін толық қамту арқылы жеке қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша нұсқама жүргізуді; 24) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін оқшаулауды; 25) осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес клиникалық хаттамаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйдегі карантинді және медициналық қадағалауды; 26) тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды; 27) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды; 28) шет елден келген дене температурасы жоғары адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін инфекциялық стационарға жатқызуды; 29) шетелден ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыруды; 30) үйде оқшаулау жағдайларында COVID-19 науқастарымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдарды зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині); 31) осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізуді; 32) осы қаулыға 33, 35, 36-қосымшаларға сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирус тасымалдаушыларды медициналық бақылауды және зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін; 33) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 6 сағаттың ішінде CОVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама жіберуді қамтамасыз етсін. 9. Республикалық медициналық ұйымдардың басшылары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бейіні бойынша жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді жалғастырсын. 10. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 2) тәуекел тобындағы адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 3) осы қаулыға 40-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 4) байланыста болған адамдарды оқшаулауды, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 5) үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес Үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабардар етуді; 6) COVID-19-дың әрбір жаңа жағдайы туралы ақпаратты «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына зертханалық растауды алған сәттен бастап 12 сағат ішінде ұсынуды; 7) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 8) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыруды; 9) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасын кесіп өткен адамдар туралы күнделікті мониторингті және өткен тәулік ішіндегі ақпаратты ҚДСҰО-ға сағат 02-00-ге дейін беруді; 10) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін 2 сағат ішінде хабардар етуді қамтамасыз етсін. 11. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) халықты сапасына кепілдік берілген ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды күшейтуді; 2) әкімшілік шаралар қабылдамай, халыққа берілетін судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті; 3) карантин режимінің сақталуын бақылау шеңберінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану ұйымдарын қадағалауды қамтамасыз етсін. 12. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҚДСҰО), «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханалар осы қаулыға 41-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз етсін. 13. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің білім беру және ғылыми ұйымдарын (медициналық жоғары оқу орындары, медициналық колледждер, ұлттық, ғылыми орталықтар) COVID-19 шоғырландыру жөніндегі іс-шараларға көмек көрсетуге тартсын; 2) патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге уақытша рұқсат алғаннан кейін (ол болмаған жағдайда) CОVID-19 диагностикасын жүргізуге медициналық ұйымдардың зертханаларын тартсын. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етсін; 3) CОVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін зертханаға жіберілетін ілеспе құжатта өтініштің мақсатын (өздігінен жүгіну, әкелінген, профилактикалық тексеру (скрининг) және т. б.) көрсетсін; 4) медициналық ақпараттық жүйелерді «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін; 5) жеке зертханалардың зертханалық ақпараттық жүйелерін «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханалық ақпараттық жүйесімен COVID-19-ға тестілеу нәтижелерін беру бөлігінде интеграциялауды қамтамасыз етсін; 6) үй карантині кезінде, оның ішінде COVID-19 симптомсыз нысандары бар пациенттерді қашықтықтан бақылау үшін мобильдік қосымшаны енгізуді қамтамасыз етсін. 14. Меншік нысанына қарамастан барлық зертханалар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде COVID-19-ға диагностикалық зерттеулерді басым тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін. 15. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |